Басты бет ›   Біз туралы

Біз туралы

SHIK ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

— үйде орындауға болатын мінсіз макияж.

— ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған таптырмайтын қылқаламдар.

— мыңдаған Brow-шеберлері қолданатын қас үлгісін жасаудың бірегей авторлық жүйесі.

— ең сүйікті және ерекше косметикалық өнімдерді жасап шығару үшін бар күшін салатын орасан үлкен топ.

О бренде 1

БАРЛЫҒЫ НЕДЕН БАСТАЛДЫ?

Брендтің тарихы 2015 жылдың ақпан айынан бастау алады, сол уақытта топ-визажист пен сұлулық сарапшысы Наталья Шиктің макияжға арналған қылқаламдардың жеке топтамасын жасап шығару ойы туындайды. Мінсіз тегіс, үлпілдек, стильді, ыңғайлы – қылқаламдар бір сәтте өз танымын тауып, ал Наталья Шикке танымалдылық әкелді. Осы табыстың толқынында 2016 жылдың қаңтар айында жаңа өнім – осы уақытқа дейін SHIK желісінің сатылым үздігі болып табылатын қасқа арналған күтім жасау майы шықты.

О бренде 1
О бренде 2

SHIK БҮГІН

ВҚазіргі таңда біздің сұрыпталым кәсіби бет әрлеушілер мен қарапайым қыз–келіншектердің өмірін жеңілдететін декоративті және күтім жасауға арналған құралдардың 250–ден астам атауын қамтиды. SHIK өнімі әлемнің үздік зауыттарында жасалып шығарылады: Германия, Чехия, Италия, Испания, Оңтүстік Корея. Өндірістің әрбір кезеңін Наталья Шиктің жеке өзі қадағалап отырады.

Брендтің жетістігі – біздің философиямызда. Біз кәсіби көзқараспен сарапшылық косметиканы жасап және косметикалық трендтерді зерттей отырып, бьюти–саласындағы өзекті әзірлемелерге бағдар аламыз.

SHIK міндеті — әйелге деген махабаттпен және қамқорлықпен ең үздік косметикалық өнімдерді жасап шығару, оған бақыт сезімін сыйлау. Брендтің әрбір өнімінің мақсаты — әрбір жан үшін өзіне деген күтімді қарапайым және қолжетімді ету.

200–ден астам серіктестістеріміз біздің косметиканы 25 елде сатумен айналысуда. Бізді Ресейдің ең ірі онлайн-алаңдарынан табуға болады: Wildberries және Ozon, сондай-ақ «Золотое Яблоко» желісінің дүкендері.

О бренде 4

2021 ЖЫЛЫ ЕРІНГЕ АРНАЛҒАН
Lip PencilҚАРЫНДАШТАРЫ БЕДЕЛДІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
GLAMOUR: BEST OF BEAUTY!

Жыл сайын біз нағыз сатылым үздіктеріне айналатын жаңа өнімдерді шығарамыз. SHIK-ті Таңдаулыларға қосып, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды байқаңыз!

OzonWildberries
О бренде 4
ЖІБЕРІЛІМГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
Бізден жаңалықтарды, анонстар мен арнайы ұсыныстарды бірінші болып алыңыз!